«Ұлттың үні – жыр-терме»


Оралда осындай атаумен облыстық жас термешілер байқауы өтті. Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған өнер кеші ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту болды.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қабырғасында өткен аталмыш іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты – халықтық терме өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды анықтау, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру.


Байқауда үздік деген 16 жас термеші өз өнерлерін ортаға салып, Батыс мақамының стилінде және еркін тақырыпта терме орындап, сынға түсті. Жеңімпаздар 14-18 және 19-29 жас аралығындағы жастардың өнер көрсетулері бойынша анықталды. Нәтижесінде 14-18 жас аралығындағы жас термешілер арасында жүлделі III орынды Орал қаласындағы №25 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Сабина Джумагельдина иеленсе, II орынға Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Лаура Маликова лайық деп танылды. Жүлделі 1-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті Ақмарал Темірболатоваға бұйырды. Ал 19-29 жас аралығындағы үміткерлер арасында III және ІІ орындарды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері Ақбота Есетова мен Әділ Ахметов өзара бөліссе, Қазталов ауданынан келген Нұралы Айтуғанов жеңімпаз атанды. Сайыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

БҚАТУ-дың медиа орталығы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *