Тұтынушылардың құқықтарын қорғау азаматтық-құқықтық қатынастары өте маңызды

«Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 2026 жылғы 3 тоқсандағы жұмыс қорытындыларын басшы орынбасары Руслан Ихсанов айтып берді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау азаматтық-құқықтық қатынастардағы маңызды сала болып табылады. 2026 жылғы 3 тоқсанда Батыс Қазақстан облысында азаматтардың өз құқықтарын қорғауға деген құқықтық сауаттылығының артқаны айқын байқалды.

2026 жылғы 3 тоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір азаматтарынан 425 өтініш түсті. Қаралған өтініштердің нәтижесінде тұтынушыларға 35 521 274 теңге көлемінде қаражаты қайтарылды.

Түскен өтініштердің:

118-жөнелтілді,

332 өтініш қаралды.

Шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда саласына тиесілі — 285 өтініш, бұл жалпы санының 65,8 пайызын құрайды. Көбіне тауарды қайтарудан немесе алмастырудан бас тарту, сапаға қатысты мәселелер тіркелді.

Электронды сауда бойынша 42 өтініш түсті (9,8 %). Негізгі мәселе — тауар сипаттамасының сәйкес келмеуі, сатушы туралы ақпараттың болмауы және ақшаны қайтарудағы қиындықтар.

Тұрмыстық қызметтер саласында — 41 өтініш (9,6 %). Бұл жиһаз дайындау, жөндеу, құрылыс, сұлулық салондары мен тұрмыстық қызмет көрсету сапасына қатысты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 24 өтініш тіркелді. Негізгі шағымдар тарифтердің өсуі мен коммуналдық қызметтердің сапасына байланысты болды.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтандыру, туризм және байланыс салалары, білім беру, медициналық, қаржылық және көліктік қызметтер бойынша 75 өтініш қаралды.

3 тоқсанда Департаментке түскен 118 өтініш өзге уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде қарауға жолданды. Атап айтқанда, бұл салық және қаржы заңнамасының бұзылуы, тұтынушыларды алдау фактілері, тұрғын үй қатынастары, байланыс, туризм және көліктік қызметтер салаларына қатысты.

2026 жылы Департамент 73 әкімшілік шара қабылдады. Нәтижесінде:

-20 бизнес субъектісіне 1 525 562,5 теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар, тұтынушылар электронды сауда және Instagram желісі арқылы басқа қалалардан тауар мен қызметке тапсырыс беруде. Осы ретте, тұтынушылардың құқықтарының бұзылу жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай шағымдар сатушлар,орындаушылардың мекен-жайы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жолданады. Алайда, көп жағдайда тұтынушылар тауарға тапсырыс бергенде, сатушылардың мекен-жайы мен байланыс ақпаратын алдын ала білмейді, яғни тауар мен сатушы туралы ақпаратқа мән бермейді. Соның салдарынан, тауар сапасы немесе оны қайтару мәселелері бойынша наразылықтар туындап, бұл процесстер кейде қиындықтарға алып келеді, әрі интернет-саудада алданып қалу қаупі бар. Сондықтан, тұтынушыларға тауар немесе қызметке тапсырыс берер алдында, сатушының мекен-жайы мен байланыс телефондарын, тауар немесе қызметтің сапасына қатысты пікірлерді алдын ала тексеріп, сатушыдан немесе орындаушыдан сол туралы толық ақпарат алу қажет. Қысқаша айтқанда, тұтынушы өз тарапынан қажетті ақпаратты алу керек. Қазіргі таңда мұндай мүмкіндіктер бар. Интернет арқылы өздеріне қажетті ақпараттармен таныса алады.

Қорытындылай келе, бизнес субъектілерін заң талаптарын қатаң сақтауға, ал тұтынушыларды өз құқықтарын білуге және қорғауға белсенді болуға шақырамыз. Тек бірлескен іс-қимыл арқылы әділ және сенімді нарықтық орта қалыптастыра аламыз.

2026 жылғы 9 айдың ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін және мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысының маңыздылығын көрсетті.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *