МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Орал қалалық полиция басқармасының бастамасымен Орал қалалық әкімдігі, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, «Динамо» облыстық спорт және дене шынықтыру қоғамының қолдауымен ағымдағы жылдың 10 қарашасында Орал қалалық ПБ бөліністері арасында волейболдан жарыс өтті.

Жеке құрамның арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәртіп сақшыларының кәсіби дайындықтарын шыңдау, бұқаралық спортты насихаттау және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы жарысқа үздік құрама командалар мен әр бөлімшенің шебер ойыншыларынан құрылған 6 команда қатысты.


Жарыстың шымылдығын ашқан Орал қалалық дене шынықтыру жіне спорт бөлімінің басшысы Шерғалиев Артур Мұратұлы Қазақстан Республиксы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау қарсаңында егеменді еліміздің ішкі істер орандарына еңбегі сіңген ардагерлер мен қатарда жүрген антына адал, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып жүрген қызметкерлерге табыстар мен толағай жеңістер тіледі.

Бұдан әрі Орал қалалық ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Қуанышқали Меңдіғұлов сапта тұрған командалар алдында ата-бабаларымыз армен еткен тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи белестерді баяндады. Елбасының сындарлы саясаты мен еңбегі нәтижесінде бүгінгідей бейбіт өмірге жеткенімізге кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар Қуанышқали Шаяхметұлы волейболды тамашалауға жиналған зал толы жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй, спортшыларға тартысты әрі қызықты ойын өрнегін қыздыруды тіледі.

Басқармамен бірлесе жұмыстанып, ақыл-кеңесін аямайтын Орал қ.ПБ ардагерлер кеңесінің төрайымы, милиция майоры Клавдия Қуанышқалиева ардагерлер командасының жеңіс тұғырынан көрінуін тілеп, уақытпен санаспай қызметте сапта жүретін полиция қызметкерлерінің отбасыларына амандық, әдемі ойын өрнегі өтуін айтты.

Жарыс өз деңгейінде қызу, тартысты өтті. Барлық командалар нақтырақ айтсақ, Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің, айдауылдау қызметі взводының, патрульдік полиция батаольоны командалары, Абай мен Шаған Пб үздік командалары, ішкі істер органы ардагерлерінен жасақталған команда жеңіске жігерлене ұмтылып, намысты қолдан бермеу жолында талаптанды.

Финал қорытындысына сәйкес, теке-тірес ойын қызған шақта қоржынға ұпайды артық жинаған Шаған полиция бөлімінің командасы 1 орынды жеңіп алды. 2 жүлделі орынға ардагерлер командасы таласып, келісті ойын өрнегін көрсетті. 3 жүлделі орын Орал қ.ПБ Патрульдік полиция батальоны командасына бұйырды.

Жүлдегер командалардың барлығы «Динамо» облыстық спорт және дене шынықтыру қоғамының 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарымен, кубоктармен, өзге де бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Волейбол жарысына қатысқан әрбір тәртіп сақшысы денсаулыққа пайдалы, денеңді шынықтырып, бойға күш-қуат беретін керемет спорттық жарыстардың жиі ұйымдастырылуын тіледі.

Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *