«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Қазақтелеком» АҚ еңбек ұжымымен «Әділет» партиясы өңірлік сайлауалды штабының өкілдері Шолпан Құспаева мен Данагүл Қауменова кездесті. Ашық диалог форматында өткен басқосуда партияның «Әділетті болашақ үшін!» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, цифрлық даму мәселелеріне басымдық берілді.

Кездесу барысында штаб өкілдері бағдарламаның «Цифрлық мемлекет» бағытына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендерде интернет пен мобильді байланыстың қолжетімділігін арттыру, қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту, мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта халыққа барынша қолайлы ету міндеттері сөз болды.
Сонымен қатар өңірде IT саласының әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар да таныстырылды. Олардың қатарында BatysHub алаңында IT мамандарын даярлау, мектептер мен колледждерде жасанды интеллект саласындағы жобаларды енгізу, сондай-ақ 2031 жылға дейін отбасылардың 60 пайызын «Цифрлық ата-ана» курстарымен қамту көзделген.

Телекоммуникация саласында еңбек ететін мамандар үшін бұл бағыттар ерекше қызығушылық тудырды. Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері шалғай аудандарда интернет желісін кеңейту жоспарларының жүзеге асырылуы, IT мамандарын қолдау және жасанды интеллект негізіндегі жобаларды енгізу перспективалары жөнінде сауалдар қойды. Шолпан Құспаева мен Данагүл Қауменова қойылған сұрақтарға жауап беріп, бағдарламада көзделген міндеттерге қатысты түсініктеме берді.
Басқосуда цифрлық даму тақырыбымен қатар, партия бағдарламасының кәсіпкерлікті қолдау, өңірлердің әлеуетін арттыру, экологиялық қауіпсіздік және адам капиталын дамыту бағыттары да талқыланды.
Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өңірдің цифрлық инфрақұрылымын жетілдіру мен жаңа технологияларды дамыту мәселелеріне қатысты ойларын ортаға салды. Мұндай кездесулер сайлауалды бағдарламаның мазмұнын түсіндіруге және еңбек ұжымдарының ұсыныс-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *