Өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік шаралары жөнінде ескертеді


Ауа райының жоғары температурасының сақталуына орай өңірімізде табиғи жанулар мен өрттер белең алуда. 2021 жылғы өрт қауіпті кезең басталғалы бері Теректі ауданының аумағында 23 дала жанулары (құрғақ шөптің жануы), 6 табиғи өрт оқиғалары тіркелді.

Табиғат аясында өрттерге жол бермеу мақсатында:

  • Орман, тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген отты қалдыруға, темекі тұқылын немесе шала жанған, бықсыған шүберектерді тастауға
  • Қалың ну арасында, ағаштардың түбіне, егіс алқаптарына, ағаш қоймаларының маңына от жағуға;
  •  Орман, тоғай және дала алқаптарында өздігінен өртенетін заттарды, атап айтқанда: жанармай сіңген шүберектерді, шыны ыдыстарды тастауға болмайды, себебі бұл заттар күннің қызуымен күйіп құрғақ шөптерде от жалынын тудыруы мүмкін;
  • Орман алқабында, саяжайларда құрғақ шөптерді өртеуге;
  • Қамыстарды жағуға;
  • Желді күні от жағып, оны қараусыз қалдыруға;
  • Тұрақтан кетіп бара жатып сөндірілмеген отты қалдыруға тиым салынады.

Табиғи өрттің орын алуын байқағанда, мүмкіндігінше өртті сөндіруге тырысыңыз. Егер өртті дер кезінде сөндіру мүмкін болмаса, дереу қауіпсіз жерге кетуіңіз қажет.

         Міндетті түрде өрт сөндіру қызметінің 101, 112 нөміріне немесе орман шаруашылығы қызметіне хабарласыңыз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *