Бүгін дәл осындай атаумен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде акция өткізілді.
Бұл іс-шараны БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты – вакцинаның адам өмірі үшін маңыздылығын түсіндіріп, студенттерді екпе алуға шақыру. Шарада алдымен сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов:
– Адам өміріне ең қауіпті жұқпалы індетті жеңудің бір ғана жолы – вакцинация. Бір адамның ғана емес, бір отбасының немесе тұтас ұжымның тағдырын сақтап қалуға септігін тигізетін екпе арқылы сіз өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етесіз, – деп, студенттерді өз денсаулығын қорғауға шақырды.
Іс-шара барысында университет студенттері ән шырқап, көңілді тапқырлар командасы өз өнерлерін көрсетті. Білім алушылар 1-курсқа түсуші студенттерді вакцина алуға шақырып, өздері де соларға үлгі болатындықтарын жеткізді.
– Вакцина алу арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, жалпы қоғамымызды пандемиядан қорғаймыз. Бүгін 1-курсқа қабылданушы студенттерге екпе алудың маңызды тұстарын түсіндіруге тырыстық, – дейді университеттің «Индустриалды-технологиялар институтының» 4-курс студенті Ескендір Сержанұлы.
Кеш жүргізушісі жуырда коронавирусқа қарсы екпе салдыртқан студенттер арасында ынталандыру сыйлықтары ойнатылатынын ескертті.
БҚАТУ-дың медиа-орталығы