Халыққа ыңғайлы болу үшін 1411 қысқа нөмірін жаба отырып, 1414-тің әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы шешім қабылданды.
Енді зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары мен халықты жұмыспен қамту туралы сұрақтарды 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қосымша 5 нөмірін басу арқылы алуға болады.
Ақапарттық кеңес беру қызметі сақтала отырып, төмендегідей сұрақтарды қамтиды:
- Зейнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру;
- Әлеуметтік сақтандыру;
- Көп балалы отбасыларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы;
- Атаулы әлеуметтік көмек;
- Еңбек қатынасы және халықты жұмыспен қамту;
- Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзырына жататын басқа да сұрақтар.
Әлеуметтік сұрақтар бойынша 1414 халыққа дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін (жексенбі-демалыс) көмектесе алады, қоңырау — тегін.
Ең танымал мемлекеттік қызметтерді біздің @kenes1414bot телеграмм-бот арқылы да алуға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі