Зашаған кентіндегі 11 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілуде


Байтақ көшесі 4, 6 үйлердің аумағында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Аумақты абаттандыру өткен айда басталған. Мердігер – «Шамшын» құрылыс компаниясы. Кенттік округ әкімдігінің бас маманы Шерхан Сапаровтың сөзінше, келісімшартқа сай абаттандыру жұмыстары 4 ай ішінде аяқталуы тиіс. Абаттандырылатын нысанның аумағы 6 836 шаршы метр. Қазіргі уақытта мұнда мекенжайға кіреберіс жолды салу, үйлердің аумағын асфальттау жұмыстары жүргізілуде.


– Мердігер жол салу жұмысатрымен қатар ойын алаңын дайындайтын болады. 824 шашы метр алаңға жұмсақ резеңке жабын төселеді. Балаларға арналған карусель, бірнеше жаттығу құрылымдары қойылады. Шағын футбол алаңы болады. Орындықтар дайындап, қоқыс салғыштар қою, жарықшамдар орнату қарастырылған. Бейнекамера да орнатылады, – деді әкімдік өкілі.
Ал Сейітов 1/3, 1/1, Саратов 22, 24, 26 аулалары аумағы асфальтталып, 169,5 метр арық жүйесі салынады. Аула жарықтандырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады. Сондай-ақ Бірлік көшесіндегі 9 аулада да абаттандыру жүргізілуде.


Жалпы Орал қаласында биыл 48 ауланың абаттандырылуы көзделген. Оның 19-ы жобалық-сметалық құжаттама бойынша жаңғыртылады. Ал 29 аула аумағындағы жұмыстар 2021-2023 жылдарға арналған «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы аясында Uralsk.smartmap.kz сайтына түскен өтініштер бойынша жүргізілмек. Бүгінгі күні бұл 29 ауланы абаттандырудың сметасы дайын. Құрылыс-монтаждау жұмыстары тамыз айында басталады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *