Жәңгірхандықтар сенбілікКе атсалысты

Бүгін Жәңгір хан университетінің профессор-оқытушыларынан, білім алушылардан және қызметкерлерден құралған 1000-нан астам адам сенбілікке шықты. Тазалық іс-шарасына қатысушылар оқу орны ғимараттарының аумағын, сондай-ақ өздеріне бекітілген Саратов трассасы бойындағы, Айтқұлов және Жәңгір хан көшелеріндегі қалдықтарды жинады. Сонымен бірге университет ауласына алма, талшын, үйеңкі, емен ағаштары – барлығы 550 көшет отырғызылды.


Сенбілік жұмыстары барысында жиналған күл-қоқыстарды тасымалдауға оқу орнының үш техникасы пайдаланылды. Нәтижесінде барлық аумақтан 30 тоннадай қоқыс шығарылды.
Еске сала кетсек, жалпықалалық санитарлық-экологиялық айлығына үшінші апта қатарынан өз үлестерін қосып жатқан университет ұжымы еңбек науқанын әлі де жалғастырады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *