Қасиетті Рамазан айында алғаш рет Орал орталық мешітінің бастамасымен, облыс бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Анаргүл Демеутованың ұйымдастыруымен «Рамазанға сағыныш» атты балалар арасында бейнебаян мен сурет салу сайыстары болып өтті.
Алдымен орталық мешіттің наиб имамы Наурыз Убаев сөз алып, ұлық аймен құттықтап, сайыстың маңыздылығына тоқталса, Анар Демеутова сайысқа 60 астам балалар қатысып, бейнебаяндары мен суреттеріне қарасаң көз тоймайды. Балалар әлемі таза, пәк, шынайы бейнелегендерін жеткізді.
Сайысқа қатысқан барлық балаларға кітаптар мен тәттілер таратылды.
Балалардың ата-аналары ақтілегін айтып, қасиетті Рамазан айында арнайы кұттықтап, ыстық ілтипат білдіргені үшін Наурыз имам мен Анар ұстазға алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі