«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –Елбасы қорымен дарынды жастар мен көшбасшыларды қолдау және дамытуға бағытталған «Ел үміті» бастамасы аясында өткізілген «Елбасы медалі» жобасына облыс бойынша 14-29 жас аралығындағы балалар мен жастардан барлығы 265 адам қатысып, 114 қатысушы республикалық комиссияның шешімімен «Елбасы медалі» жобасының қола медалі және төсбелгісі иегері атанды.

Қола медалі 6 ай ішінде 7 бағыт бойынша арнайы тапсырмаларды орындап, өз қабілеттерін шыңдаған жастарға берілді.

Жеңімпаздарымызға күміс, алтын медаль иегері атануға тілек білдіреміз! Оқушыларды дайындаған ұстаздарға, мектеп ұжымына, ата –аналарға алғыс айтамыз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *