ЖЕҢІМПАЗ ПЕДАГОГ 500 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

2021 жылдың 24 ақпан мен 30 наурыз аралығында «Bilim Land» ЖШС ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарының тəрбиеші, əдіскер, педагогтері жəне пəн мұғалімдері арасында «Үздік жаңашыл тəрбиеші» республикалық байқауы оздырылды.

Байқаудың мақсаты АКТ құралдарын қолдану дағдысын дамыту жəне www.BilimKids.kz сервисі мен www.OnlineBalbaqsha.kz қашықтан оқыту технологияларының көмегімен мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру сапасын арттыру болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы «Балдәурен» бөбекжайының орыс тілі пәнінің мұғалімі Чукина Гульмира жеңімпаз атанып,  500 мың теңгелей ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал,  Жаңақала ауданы Жаңақала балалар бөбекжайының тәрбиешісі Нурайна Махамбетова 3-орынды иеленіп, 200 мың теңгелей ақшалай сыйлық иеленді.

Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз!

БҚО Білім басқарамасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *