⠀
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мен дамуына арналған телекөпір-сабақта Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және серіктес мектеп – Қазан қаласындағы инженерлік лицей-интернат оқушылары кездесті. ⠀
Қазақстан мен Татарстанды тарихы бай мәдениет, дәстүр мен әдет-ғұрып өзара байланыстырады. Бұл достықтың жарқын мысалы ретінде татар халқының біртуар перзенті Ғабдолла Тоқайды ерекше атап өтуге болады. Саяси, экономикалық және әлеуметтік байланыстар да серпінді дамып келеді, соның бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақ ұйымын құру бастамасы. Ұйым құрылғалы одақ елдері азаматтарының өмірі мен жұмысына қолайлы жағдай жасауда оң өзгерістер туды.⠀
⠀
Оқушылар әлемдегі экономикалық интеграцияның табысты мысалдары, ұйымның болашағы туралы пікірталасқа белсенді қатысты. «Пазлдар» интерактивті ойынында олар екі мемлекеттің бірлескен экономикалық салаларын атап өтсе, рөлдік ойында мемлекеттерге қазіргі заманғы міндеттерге жауап беруге мүмкіндік беретін Еуразиялық экономикалық одақтың перспективалы бағыттарын анықтады. ⠀
– Мақсатымыз оқушыларға өзімізді және басқа халықтардың тарихи өткенін құрметтеуге баулу, жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру болды, – деп бөлісті тарих пәнінің мұғалімі Сабыр Ирғалиев.⠀
«Ғажайып» би ансамблі музыкалық тарту ретінде татар биін ұсынды.⠀
⠀Айта кету керек, шетелдік магниттік мектептермен тиімді серіктестік өз тәжірибемізді үнемі жетілдіруге және НЗМ тәжірибесін әлемдік білім беру қауымдастығына таратуға мүмкіндік береді.
Оралдағы НЗМ-нің баспасөз қызметі