«Жасыл ел» сарбаздары арасында волейболдан турнир өтті


Спорт – денсаулық кепілі.Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәрімізге белгілі. «Тәні саудың – жаны сау»  деген сөз бекер айтылмаса керек-ті.

Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. «Орал жастары» волонтерлік корпусының көшбасшысы Ақниет Радишова бастаған еріктілер ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – қатысушыларды ұйымшылдыққа баулу және жастарға спортпен айналасуды дәріптеу.

Волейбол ойынына «Жасыл ел» жасағы сарбаздарынан «Million», «Patron», «Bilboard» командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Аталған бәйгеде үздік ойын өрнегін көрсетіп жүлделі бірінші орынға «Patron» командасы ие болды. Ал екінші орынды «Bilboard» иеленсе, жүлделі үшінші  орынға «Million» командасы қол жеткізді. Ойын барысында ерекше көзге түскен Жанна Сейфуллина «Үздік ойыншы» аталымына лайық деп танылды.Шара соңында аталған командалар дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сымбат Қыпшақпай,

Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы          

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *