«Қақпа алдындағы кездесу»


Оралдағы түзеу мекемесінде «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі «Сотталған азаматтардыңқоғамдық ортаға бейімделуіндегі кемшіліктер» тақырыбында психологиялық дәріс ұйымдастырды. 

Бұл іс-шара Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылыққа қарсы «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру және өткізу»әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды. Ұйымдастырушылар бұл дәрісті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «РУ-170/2»республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесе өткізді. Дәріс барысында сотталушыларменәңгімелесу, сұрақ-жауаптар жүргізіліп, олардың көкейлерінде жүрген сауалдарға жауаптар берілді.Жазасын өтеушіге қысқа мерзімді кәсіптік білім алып, жаңа мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына байланысты тиісті көмектер алуға құқығы бар екені, сонымен қатар жеке кәсібін ашуға мемлекеттарапынан қолдау көрсетілетіні айтылды. Жиын соңында қатысушылар өтініштерін жеткізіп, мұндай дәрістерді жүйелі түрде өткізуге ұсыныс білдірді. 

​Жалпы «Қақпа алдындағы кездесу» жобасының мақсаты – сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу, қылмыстың қайталануын болдырмаудың алдын алу мәселелері, психологиялық, әлеуметтік байланыстар орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту бағыттарын қамтиды.Психологиялық дәрісті жоғары санатты психолог Гүлнәр Кабулова жүргізді. «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік іс-шарасы алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *