Орал шаһарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «БАТЫС» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде 200 – ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы борыштарын адалда абыроймен атқаруға салтанатты түрде ант қабылдады.
Әскери – ант қабылдау рәсімі әскери өмірдегі әскери ритуалдардың бірі болып саналады. Әскери ант қабылдаған күн, әр бір әскери қызметші үшін олардың өміріндегі ең маңызды күндерінің біріне айналады. Неге десеңіздер елдің қауіпсіздігі мен аумақтың тұтастығы әскер қатарына алынған әрбір азаматтың өміріндегі ең маңызды қадамдарының бірі – әскери ант қабылдау рәсімі болып табылады. Бұл ежелден келе жатқан және әлемнің көптеген елдерінде сақталған салтанатты шара. Әскери ант қабылдау дәстүрі тарихи жағдайларға, ұлттық болмысына қарай әр елде әрқалай өтсе де олардың бәрінің мақсаты – Отан алдындағы борышын өтегелі тұрған жас сарбаздан серт алу.
Ант қабылдау рәсімі, елімізде жүріп жатқан індетке байланысты барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып «Onlinе» режимінде өткізілді.
Алайда Қазақстанның түкпір – түкпірінен жиналған сарбаздардың ата-аналарымен туған туыстары үшін, әскери ант қабылдау рәсімі 5517 әскери бөлімінің «Instagram» парақшасынан тікелей эфирінен көрсетіліп, сарбаздардың ата-аналарының өз балаларының әскери ант қабылдау рәсімін тамашалауға толықтай жағдай жасалындыды.
Әскери ант қабылдау рәсімін 5517 әскери бөлімінің «Instagram» парақшасының тікелей эфирінен тамашалаған сарбаздардың ата-аналарымен туған туыстары, әскери бөлімнің ұжымына осындай іс-шара ұйымдастырғандары үшін өздерінің ризашылықтарымен алғыстарын білдіріп жатты.
Ер жігіттің асылы қолынан намысты бермеген, бойында күш жігері тасыған, елім деп еңіреген, асылдың сынығы емес пе? Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-ы бабына сәйкес Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және борышы. Әскери ант жауынгердің отанына, халқына, өзінің әскери боршына деген адалдығын білдіретін серті. Бір айдан астам уақыт ішінде бөлім басшылығы мен офицерлердің тәлім тәрбиесін, сержанттардың ерен еңбектерін бойларына сіңіріп, әскери өмірдің сыр-сипатымен таныс болған 5517 әскери бөлімінің сарбаздарыбелгіленген алты нүктеде жастар әскери анттың киелі мәтінін жігерлене оқып жатты.
Әскери Ант қабылдау рәсіміне арналған мерекелік митингті 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник АнтайЕрбол Мағжанұлы құттықтау сөзбен ашты.
-Құрметті жас сарбаздар сіздер бүгін ел алдында әскери ант қабылдап отан қорғаушылардың қатарына қосылғалы тұрсыздар. Елімізді Отанымызды қорғау – әрбір азаматтың ең қасиетті борышы. Өз елін, жерін қорғап нағыз сарбаз болу оңай емес, ол үшін әрбір сарбаз өзіне қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға жан-жақты дайын болу керек. Ал әскери ант қабылдау дегеніміз өз Отанына, Қазақстан Республикасының халқына, және заңды түрде сайланған Президентіне ақтық демі қалғанша адал қызмет ету деген сөз. Бүгіннен бастап сіздерге жауапкершілігі мол, мағызды міндеттер жүктелгелі тұр. Мен осы бөлімнің командирі ретінде сіздерге жүктелген жауынгерлік тапсырмаларды адалда абыроймен атқаратындарыңызға толықтай сенемін,- деді бөлім командирі.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жөніндегі орынбасары полковник Павел Ситников шағын баяндамасында Батыс құрамасының құрылу тарихы мен атқаратын міндеттері хақында қысқаша айтып өтті. Әскери ант қабылдау салтанатының әрбір жауынгердің өмірінде ерекше орын алатына тоқталды. Сарбаздарды айтулы күнмен құттықтады.
Іс-шара әрі қарай жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімімен жалғасып, шара соңында жас сарбаздар «АТАМЕКЕН» әнін орындады. Бұл ән Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде және Ұлттық ұланы сапында жауынгерлердің рухын оятар патриоттық ән ретінде кеңінен танымал. Бұл әнді жауынгерлер сапта, марштармен жорықтарда демалыс уақыттарында орындайды.
Сөз соңында, 5517 әскери бөлімінің әскери ант қабылдаған жас сарбаздары өз анттарына берік болып, өздеріне жүктелген міндеттерді адалда абыроймен атқаратындарына сенімдіміз.
капитан Әубәкір ЕРТУҒАН, Орал.