2021 жылғы 16 маусымда шамамен таңғы сағат 05.30-да қарауылда қызмет атқару кезінде Ақтөбе қаласынан шақырылған 5517 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы Қ. бекітілген қарумен өзін-өзі жаралады, — деп хабарлайды аталмыш әскери бөлімнің баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем бригадасымен әскери қызметші ауруханаға жеткізілген. Алайда медицина қызметкерлерімен шұғыл қолданылған шараларына қарамастан әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болмады.
Оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілуде. Гарнизонның әскери-тергеу органдары тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.