Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз әрқашанда Жеңіс күнінаға буынның  Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелейтінөлшеусіз өнегесі деп білеміз» деп атап көрсеткен болатын.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болыпөткеніне 76 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістіңұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізінқалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшінортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пенқайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанынқорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлікеңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.


      Біздің аталарымыздың батырлықтары менжанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексізсүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлеріүшін мақтан тұтарлық   үлгі ғана емес, бұл – бірнешеұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы менұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздыңмерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға дегенсүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.

Оқушыларға  аға  ұрпақтың  лайықты  мұрагері  болу үшін  халқымыздың  Отан  мүддесі  жолында  жасаған ерлік  істерінің  ұлылығын  жете  түсіндіре отыруымыз қажет. Жеңістің қасиетін, ата бабаларымыздың ерлігінешкім, ешқашан ұмытпақ емес.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Ерліктің қос қанаты деп білемін,                                                                                           Аяулы Әлия мен Мәншүгімді,деп әнге қосып жырлаған, аққан жұлдыздай жарқ етіп жоқболған, қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкен аруларымызды, аналарымызды Отан қорғаудағыжасампаздық ерлігін өскелең жас ұрпақ білуі тиіс.

Осы орайда, Ұлы Жеңіс күніне  қарсаңында  1 « Г»  сынып оқушылары  Кеңес Одағының батыры   МәншүкМәметова мемориалдық  музейіне  барып келдік.   Өскелең ұрпақты Ұлы Отан соғысының батыры МәншүкМаметованың тарих парағында алтын әріптерменжазылған өмір жолы және қаһармандық ерлігіментаныстыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке баулу.Бүгінгі бейбіт өмір үшін жанынқиған батырларымыздың ерлігін мәңгілік есте сақтау жәнеөткен күннің тарихына құрмет көрсету болып табылады.

Ардагерлерді құрметтеу- біздің міндетіміз. Жеңіс үшінаштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсытұра білді. Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіткүнді сыйлады. Қан майданның төрінде жаумен жанын қияайқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухынабас ие мәңгілік тағзым етеміз.                      

Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!

Әсемгүл Зайнуллина,

Орал қаласындағы                                                                   №50 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі                                                                                                                                              

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *