Жалпақтал № 17 өрт сөндіру бөлімі ММ-і қызметкерлерімен суицидтік мінез-құлықтың алдын –алу тақырыбында кездесу болды. Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы-теолог Тілек қажы Ахмеджанұлы Суицид, өз-өзіне қол жұмсау Ислам дінінде ауыр күнә екендігі турасында айта келіп, өмірде қандай қиындық көрсе де, Тәңірден күдер үзбей, тәуекелшіл бола білу, жақсылықтан үміт ету нағыз мұсылмандық қасиет екендігін жеткізді.Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Шариғатта өз- өзін өлтіру Жаратушының жазымышына қарсы шыққанмен тең.Бұл қазірде адамзат қоғамында кең тараған сорақы құбылыс. Суицидке баратын адамдар көбіне ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады,сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күйі бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және оларды болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді. Алла Тағала былай дейді: «… Және де өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге Мейірбан ғой. Ал кімде –кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай» (Ниса, 29,30 аят) . Алланың елшісі (с.ғ.с.) өз кезегінде әрбір мүмін пенденің имани жағынан күшті болуын талап етеді. Тіршіліктегі тауқыметтер мен қателіктер үшін торығу мен түңілуге салынып, өмірден баз кешіп, үмітсіз шайтанға ұқсауға болмайтындығын ескертеді.
ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ