Жаназа және жерлеу рәсімдері


    Жалпақтал  мешітінің Бас  имамы, дінтанушы- теолог   Нұралиев  Тілек  қажы Ахмеджанұлының төрағалығымен, Жалпақтал мешітінде «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында алқалы  жиын  өтті.

 Жиынға Казталов  ауданына қарасты  мешіт имамдары, Жалпақтал  мешітінің  алқа  мүшелері, Казталов  ауданы  әкімінің  орынбасары  Зәйлім  Мажитова, аудандық  ақсақалдар алқасы қоғамдық бірлестігінің  төрағасы   Нағым  Ризуанов,  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы  Айша Абишова, Жалпақтал  ауылдық  округі  әкімі  Алия  Жақсыбаева, зиялы  қауым өкілдері және қоғамдық  бірлестіктердің төрағалары қатысты. Жаназа және жерлеу мәселелері көп сауал тудыратын күрделі де ауқымды тақырыптардың бірі. Жаназа намазы пенденің дүниедегі һәм  өзгелердегі соңғы ақысы.Қайтыс болған адамды арулап  жерлеп, ақтық сапарға шығарып салу  мұсылманның міндеті. Жерлеу рәсімі ауданымызда жалпыға бірдей орындалғанымен, кейбір  ауылдарда ерекшеліктер кездесіп тұрады, қабірді мәйітті қоятын ішкі үйімен- лақатымен қазады.Алайда кейбір ауылдарда жер қыртысының жайына қарай қабірді тік жарма етіп те қазып, лақатын ағашпен жауып жатады.Біздің мақсатымыз діни рәсімдердің атқарылуында кездесетін  қарама- қайшылықтарды  жойып, олардың  орындалуын бірізділікке түсіру, халыққа бірдей бірыңғай үкімдерін жеткізу. Жиын соңында  ауылдық мешіттің имамдарына, қатысқан барлық адамдарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесі бекіткен «Жаназа және жерлеу рәсімдері»  кітабы  берілді.

Жалпақтал  мешітінің  баспасөз   қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *