Бұл күнде Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлері қатарымыздан жыл өткен сайын сиреп барады. «Үстімде сұр шинелім, ақсаң басып келемін»,-демекші, жауынгер ардагерлерге құрмет қашанда көрсетіле береді.
2021 жылдың 4 мамырында тәуліктің екінші жартысында Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Қуанышқали Меңдіғұлов пен Орал қ.ПБ ішкі істер органы ардагерлер кеңесінің төрайымы милиция майоры Клавдия Қуанышқалиева ішкі істер органы және тыл ардагері Ислямғали Шамгуновты 95 жасқа толу мерейтойымен, 7 Мамыр-Отан қорғаушылар күнімен, 9 мамыр-Жеңіс күнімен құттықтады. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мен Орал қ.ПБ басшыларының алғысын жеткізіп, өмірдің тәттісі мен ащы тұсын көрген ардагер ағаның өмір жолы, еңбекқорлығы мен табандылығы жас буынға үлгі екенін айтты. Мекенжайына бас тіреп барған Клавдия Саматқызы қарт ардагердің 1986 жылы милиция майоры шенімен аға учаскелік милиция инспекторы лауазымынан құрметті зейнет демалысына шыққанын, өмір белестерін әңгімеледі. Мерейлі мерекелер қарсаңында қошеметке ие болған қарт ардагер полиция қызметін сапалы, абыройлы атқарып жүрген жасы кішілерге ақ батасын берді.
Гүламан Исмагулова,
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі