Абыроймен – зейнетке

Орал қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығында  әскер қатарында адал қызмет етіп, әріптестері арасында сый-құрметке бөленген автоматтандыру бөлімінің бастығы,подполковник Марат Икишев пен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы басқармасының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға офицері, подполковник Гүлзада Гұмарованы құрметті зейнет демалысына салтанатпен шығарып салды.

Салтанатты шарада «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев аталған офицерлерді жеке құрам атынан құттықтап, олардың елеулі еңбек жолына тоқталды.Отан алдындағы сертінен айнымай, талай жылдар бойы атқарған қызметтері үшін алғысын білдіріп, бағалы сыйлықтар тапсырды.

Сіздер өз бойларыңыздағы адамгершілік әрі іскерлік қасиеттеріңізбен өз ісінің нағыз майталманы ретінде әріптестер арасында зор абырой мен үлкен құрметке бөлендіңіздер.Ұйымдастырушылық қабілеттеріңіздің арқасында өздеріңізге жүктелген міндеттерді адал және мінсіз атқара отырып, осындай биік жетістіктерге жеттіңіздер, – деді генерал-майор  Арман Мақсотұлы.

Сондай-ақ, кезек-кезек мінберге көтерілген әріптестері де сөз алып, құрметті демалысқа шыққан офицерлердің қызметтік жолдарына шолу жасап, олар туралы өнегелі әңгімелер айтты.

Өз кезегінде зейнеткер жасына жеткен офицерлерде осы бөлімдегі қызмет сапарында орын алған оқиғалар туралы әңгімелеп, естеліктерімен бөлісті. Ардагер ретінде бөлімнен қол үзбей, келешекте де жас кадрлар дайындау ісіне белсене араласуға дайын екендіктерін жеткізді.  

Ерболат Сұлтанов, подполковник

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *