Оралда әскери-тергеуші ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтады



Ағымдағы жылдың сәуір айында еліміздің ішкі істер органдарындағы тергеу бөлімшелерінің құрылғанына 58 жыл толды.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін де Қазақстанның  Ішкі істер органдарының тарихы – ел тарихының ажырамас бір бөлігіне айналды. Құқық қорғау органдары еліміздің ірге көтеріп, қаз тұра бастаған сәттен бастап, тәуелсіз туын көтерген бүгінгі күнімізге дейін өркениетті құқықтық мемлекетке жүктелетін міндеттерді атқарып келеді.

Тергеуші мамандығы қашан да шынайылық пен төзімділікті, сауаттылықты талап еткен. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы, Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес, істі жан-жақты зерттейді. Адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымау кез-келген адамның қолынан келе бермейді де.

Бұл ретте, тергеушілер мемлекетімізде заңдылық пен құқық тәртібін нығайту ісіндегі барлық жауапкершілікті түсініп, азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқығын қамтамасыз етуде оң нәтижелерге қол жеткізіп, қиын қызметін абыроймен атқаруда.

 Тергеу қызметінің ең ауыр жүгі – ар алдындағы адалдық. Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалаған тергеушінің әр күні ғана емес, әр сағатының өзі қым-қуыт оқиғамен өріліп жатады. Ал, Батыс өңірлік Әскери-тергеу басқармасы қызметінде тергеушілік ісіне ғұмырын арнаған ардагерлерде аз емес.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Батыс» өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Орал тобының аса маңызды істері жөніндегі аға тергеушісі подполковник Сүнғат Жолтаев, осы салада 20 жылдан астам уақыт адал абыроймет қызмет атқарған бір топ ардагерлерді, сондай-ақ 1996-2002 жылдар Қазақстан Республикасының  Орал әскери-тергеу бөлімін басқарған полковник Есекенов Малік Мақсотұлын, 2002-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Орал әскери-тергеу бөлімінің басқарған полковник Хайруллин Марат Бектемірұлын және  2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасының  Ақтөбе әскери-тергеу бөлімінің басқарған подполковник Коптлеу Хабибулла Муксиновичті кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, олардың  дендеріңе саулық, шаңырақтарына ырыс байлығын, жүректеріңе мәңгі жастық жалынын, көңілдеріне сезімнің шалқыған шаттығын тілеп, алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтарын табыстады.

— Тергеушінің жұмысы – өте маңызды және жауапты қызметтердің бірі. Қылмыстық істің нәтижесі тергеушінің кәсіби шеберлігіне тығыз байланысты.Ең бастысы, оның жұмысы адамның тағдырына тікелей ықпал етеді.Құқықтың пайда болу сәтінен бастап, барлық ғасырларда қылмысқа қатысы бар күдіктінің кінәсін толық дәлелдеу талап етіледі.Осы мақсатта іс бойынша деректерді жинау, оларды жүйелеу — тергеушілердің негізгі міндеті болып табылады.Ақиқатқа қол жеткізетін тергеушінің күнделікті әрі тынымсыз еңбегі шыдамдылықты, ұқыптылықты және өзге де  қасиеттерді талап етеді,-дейді «Батыс» өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Орал тобының аса маңызды істері жөніндегі аға тергеушісі подполковник Сүнғат Жолтаев.

                                           Подполковник Ерболат Сұлтанов,Орал.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *