Жалған ақпарат жеткізгендер жазаланады


Соңғы кездері Орал қаласының полиция басқармасына қала тұрғындары хабарласып, ұялы телефоны, қол сөмкесі ұрланды деп хабарласатындар жиілеген. 

Арыз бойынша полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында іздестіру жұмыстарын бастайды. Барлық күш құралдары мен жауапты құрылымдық бөлініс қызметкерлері жедел қимылдап, жұмылған сәтте арыз иесі жеке мүліктерін өздері түсіріп, жоғалтып алған болады. Кейде қоғамдық көліктер пен таксилер салонында ұмытып кеткен болып шығады. 

Осындай кейбір келеңсіздіктерге орай Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрлан Бисенов азаматтардың, қала қонақтарының ұрлық фактілеріне, қалта ұрлығына қатысты нақты, дәлелді, дәйекті мәлімет берулерін сұрайды. Жедел мәліметтердің қай- қайсысы да «102» нөмірі арқылы тәулік бойы қабылданып, ресми түрде тіркеледі. 

Мысалы 2021 жылдың 18 сәуірінде ұялы телефонымды жоғалттым деп бір азаматша хабарласқан. Ұялы байланыс операторларының көмегімен жоғалған телефонның нөмірін тексеріп, зерделей келе, сақшылар сол нөмірдің соңғы 2-3 тәулікті мүлдем іске қосылмағанын және сөніп тұрғанын анықтады. 

Басқармаға бір тәулікте 20- ға жуық қылмыстар туралы жедел мәлімет тіркеледі. 1-2 дәйексіз жалған ақпарат тіркеледі.

  • Орал қаласының аумағында қылмыстар мен құқық бұзушылықтар тіркелсе, оқиға орынына басшы құрам мен жедел тергеу тобы міндетті түрде барады. Азаматтардың нақты фактілерді баяндап, хабарласуларын сұраймыз. Ол жерде адами фактор қаралып, уақыт та үнемделуі тиіс. Әркез тыныштық орнап, қоғамдық қауіпсіздік сақталсын. Азаматтардың жеке мүліктері қолды болмасын. Ұялы телефон, қол сөмке, ақша, әмиян, алтын әшекей бұйымдарына мұқият қарауларын сұраймыз,- дейді Орал қ.ПБ бастығының орынбасары,полиция подполковнигі Нұрлан Бисенов.

Жалған ақпарат жеткізген тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 419 бабына сай- көрінеу жалған сөз жеткізу деп танылып, заң алдында жауапталатынын қатерлеріңізге саламыз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *