Бүгін «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы Шыныбеков Абат Абайұлының төрағалығымен саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1. «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағыпартияның Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы
2. «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының кезекті ХХІХ есеп-беру сайлау конференциясын шақыру және БПҰ есеп-беру сайлау кестесін бекіту туралы. Бірінші мәселе бойынша «Nur Otan»партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нуршинов Кенесары Бекболатұлы Орал қаласы бойынша 56 бастауыш партия ұйымдарының есептік жиналыстары 19-23 сәуір аралығында онлайн форматта өтетін кестесімен таныстырды.Орал қалалық филиалының есеп-беру конференциясын 2021 жылдың 29 сәуір күні онлайн форматта өткізуге Бюро мүшелері бір ауыздан қолдау білдірді.Екінші мәселе бойынша партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша 8 қоғамдық кеңес құрылды олар:
1.»Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жаныдағы Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңесі.
2.»Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы.
3. «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығын дамыту,білім және ғылым жөніндегі қоғамдық кеңес.
4.»Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кісіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес.
5.»Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау,отбасы мәселелері,әйел және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес.
6.»Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңес.
7.»Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес.
8.»Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі кеңес. Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері таныстырылып, қаулы қабылданып бекітілді.