«Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері: Білім. Технология. Тәжірибе»

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері: Білім. Технология. Тәжірибе» атты республикалық вебинары өткізілді.

Вебинар жұмысына облыстық білім беруді дамыту орталықтары (әдістемелік кабинет) қызметкерлері, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Орал қаласының филиалының қызметкері және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 250-ден аса педагогтер қатысты.

Еліміздің Алматы, Шымкент қалаларымен қоса 9 облыстан 136 жұмыс келіп түсті. Сарапшылар отырысының шешімімен 36 жұмыс пленарлық және секциялық отырыстарға ұсынылды.

Вебинар барысында техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңашылдықтар, білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, мамандықтар бойынша кадрларды даярлаудың замануи тенденциялары, әлеуметтік серіктестіктермен қарым-қатынас, дуалды оқыту жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, кәсіби бағдар беру, цифрландыру және білім беру үрдісіндегі қашықтан оқыту форматтарының ұйымдастырылуы бойынша спикерлер өз ойларымен бөлісіп, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасып, іс тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар қорытындысында қатысушылардың материалдары жинаққа енгізілетін болады.

БҚО Білім басқармасның баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *