«Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы жалғасады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» бағдарламасының «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепте тұрған: көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар санатындағы азаматтарға  Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне  жолдама   2019 жылдың  11 желтоқсанынан бастап  берілетінін   хабарлаймыз.  

Бағдарлама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы арқылы  жүзеге  асады.

Бағдарлама  аясында  көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар,  мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар санатындағы  азаматтарға  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  ипотекалық  несиені жылдық  2% үстемемен  алатын болады.

Сатып алатын үйдің бағасының   10 %  бастапқы жарнасы  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінде болуы шарт.

Максималды сатып алатын пәтердің бағасы 10 миллионнан аспауы керек,  несие 20 жыл мерзімге дейін рәсімделеді.

Осыған орай, аталған санаттағы кезекке тіркелген азаматтарды бағдарламаға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттармен Орал қаласының ТҮКШжТҮИБ жолығуыңыз сұралады. Мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1-үй, №1,6,7  бөлме. Телефон: 8 (7112)50-64-31.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Жеке куәлік көшірмесі
  2. Неке қию туралы куәлік
  3. Өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы; (Ф-1 анықтамасы)
  4. Некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
  5. Мүгедектікті растайтын құжат
  6. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *