Оралдық жастар қайырымдылық турнирін өткізді

Бүгін Орал қаласында ерікті жастардың ұйымдастыруымен шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтті.

«Жастар» деген атауды алған еріктілер тобының құрылғанына көп уақыт өтпеген. Қаламыздағы көмекке мұқтаж жандарға қол созып, көпбалалы отбасыларға жәрдемдесуді көздеген ұйымның бұл алғашқы бастамасы екен.

Қайырымдылыққа ұмтылған ізгі ниетті жандардың барына қуанамыз. Бүгінгі турнирге қатысуға ниет білдірген командалар өте көп. Салауатты өмір салтын насихаттау мен елге пайдалы іс жасап, ізгі амал қылу – алға қойған басты мақсатымыз, ­–  дейді ерікті Мерей Қанапиянов.

Жарыстың ашылу салтанаты рәсімінде   сөз сөйлеген «Тулбаев Мұхаммед – Гариф» мешітінің молдасы Айхан Дінқуатов қатысушы командаларға  сәттілік тілеп, жақсылық жасауға ұмтылған әрбір жанға алғыс білдірді.

Шағын футболға өңіріміздің аудандары мен шаһар жастарынан құралған 16 команда қатысып, тартысты  ойын көрсетті. Өзара мықтыны анықтаған қайырымдылық турнирінің  жеңімпазы«Ақсай» мешітінің командасы атанды. Тартысты ойын сыйлаған «БҚИТУ» құрамасы жүлделі екінші орынға қол жеткізсе, «Тулбаев Мұхаммед – Гариф» мешітінің  жамағатынан құралған команда үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаз топтарға ұйымдастырушылар атынан дипломдар мен медальдар табысталды. Аталмыш қайырымдылық турнирінен жиналған қаражат көмекке зәру отбасылардың игілігіне жұмсалады.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *