«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және табиғатты аялауға шақыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында «Экоquiz» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды сұрыптау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау тақырыптары бойынша өз білімдерін сынады.

Танымдық ойын жастардың білімін жетілдіріп қана қоймай, оларды экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді атсалысуға ынталандырды.

Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Бибі Уали өз сөзінде:

«Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – әрбір азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігін сезінуден басталады. Бүгінгі «Экоquiz» интеллектуалдық ойыны жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың қоршаған ортаға деген жанашырлығын оятып, табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысуға деген ынтасын арттыруды көздейді. Себебі табиғатты аялау – тек бүгінгі күннің міндеті емес, келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз», – деп атап өтті.

«Экоquiz» интеллектуалдық ойынының ерекшелігі – экологиялық тақырыптарды дәстүрлі түсіндіру форматында емес, қызықты әрі танымдық ойын арқылы жеткізуінде.

Шара соңында белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

#ТазаҚазақстан #ЭкоBattle ҚоршағанОртаныҚорғау #ТабиғаттыҚорғайық

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *