Ұлт жоспарының 100-қадамын орындау мақсатында 2017 жылдың желтоқсанында ашылған Құқық қорғау қызметтері орталығы жаңа ғимаратқа көшті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтің 12 маусымдағы халыққа жолдауында құқық қорғау жүйесінің міндеттерінің басты бағыты — халық сенімі деп айқындады.
Біздің мақсатымыз: прокурор, полиция, пробация, медиатор, заңгер және жеке сот орындаушысы азаматтарға көмектесу үшін бір жерде орналасып, барлық шараларды қабылдап, оларға құқықтық шешім табуға көмектесу.
Біздің міндеттеріміз: құқықтық қызмет көрсетудің қолжетімділігі; әкімшілік кедергілерді жою; азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша жүйелі құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу; құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында ҚҚО 1318-ден астам азаматтарға құқықтық көмек көрсетті, олар азаматтық және әкімшілік заңнама, әлеуметтік-экономикалық сала және қылмыстық іс жүргізу мәселелері бойынша жүгінген.
Прокурорлар – 1019, құқықтық статистика қызметкерлері – 68, полиция – 52, медиаторлар – 56, заңгерлер – 42, пробация – 39 және сот орындаушылары – 42 тұлғаны жеке қабылдады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алғаннан кейін 290 азамат сотқа, құқық қорғау және уәкілетті органдарға «Egov» порталы арқылы өз арыздары мен шағымдарын жолдады.
Азаматтардан көрсеткен сапалы қызметтері және кәсіпқойлығы үшін прокурорлар Талғат Жилкибаевтың, Балжан Агниязованың және Жанар Имангалиеваның атына алғыс хаттар түсті.
ҚҚО-да азаматтар құқықтық және басқа да мәселелер бойынша консультативтік кеңесті тегін және жедел алып, прокуратураға немесе уәкілетті органға арызбен жүгіне алады, қажет болған жағдайда мамандар шағымды жазуға көмектеседі.
Құқық қорғау қызметтері орталығы Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47 мекенжайында орналасқан, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс жасайды (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Пошта 7112154@prokuror.kz, телефон 87112 510832.