Батыс Қазақстан облысынан медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 5, 6 млрд. теңгені құрады.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың маусым айының соңына дейінгі аралықта республика бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 178, 7 млрд. теңгені құрады. Есепті кезеңде Батыс Қазақстан облысынан жинақталған жарнаның жалпы сомасы – 5, 6 млрд. теңге. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта мемлекеттік-әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы