1967 жылы 28 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Серебряково ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматшысымын. Ұлтым — орыс. Білімім — жоғары. 2009 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірдім.
«Орал қаласы Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жиырма жылға жуық, соның ішінде әкімнің орынбасары лауазымында 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келемін. Әр жылдары Круглоозерный кенті әкімінің міндетін атқардым.
Жолдасымыз екеумыз бір ұл мен қызымызды тәрбиелеп отырмыз.
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМА:
— Менің сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан-2050 «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясы » Қазақстан халқына Жолдауымен айқындалады. Мен өзімнің өмірлік және кәсіби тәжірибемді пайдалана отырып, ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға және ауылды дамытуға бар күшімді саламын. Ауыл тұрғындарымен,ақсақалдар мен белсенді тұрғындардан құрылған қоғамдық кеңестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, ауылдағы көптеген мәселелерді шешу жолдарын іздейтін боламын;
— Орал қ. ЖК және АҚ ТжКБ бірлесіп Зачаган кентінің аумағын абаттандыру ,көше жолдарын көгалдандыру , асфальттау міндетімен жұмыс істейтін боламын;
— Зейнеткерлерге, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету;
— Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру,шағын және орта бизнесті дамыту бойынша халықпен кездесулер өткіземін, бұл алдағы уақытта қосымша жұмыс орындарын құруға және бюджетке салық түсімдерінің көлемін ұлғайтуға ықпал ететін болады;
— Мен жастардың салауатты өмір салтын ұстануға, оның мәдени демалысын ұйымдастыруға барлық жағынан ықпал етемін;
Жастар — еліміздің болашағы! Жастардың тұрғын үй, білім беру, жұмысқа орналасу сияқты өзекті мәселелерін шеше алатын жастар саясатын іске асыруға үлесімді қосамын.
Сумкина Т.А. үміткердің мемлекет каржысынан төленді