БҚО, Жәнібек ауданы,
Қамысты ауылында 1964
жылы 12 қарашасында
дүниеге келген.
Ұлты – қазақ.
1984 жылы Шымкент қаласының арнайы милиция
мектебін, 2018 БҚО ҚАЗИИТУ, жаратылыстану факультетін тәмәмдаған.
2023 жылдан жұмыссыз.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен Зачаган кенті әкіміне кандидат ретінде ұсынылды.
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының Зачаган әкімі лауазымына үміткер Әлібек Өренұлы Сарсеновтің сайлау алды бағдарламасы.
Әкім етіп сайласаңыздар алдағы 4 жылда:
Қоғамдық салада:
Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Президенті мен Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын;
Зачаган кентінің көркеюіне,халықтық әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын;
Зачаган тұрғындарының таза сапалы ауыз суымен қамтылуына;
Зачаган кентінің көшелерін жөндеуден өткізу мен көпір салу, түнгі жарықтандыруға;
Электр желілерімен бағалаларын ауыстыру жұмыстарына;
Зачаган кентінің абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;
6-7 автобус маршрутына тағыда бір маршрут қосу керек, себебі Болашақ мкр. тұрғындарының, тәнертенмен және кеште автобустарға сыймай қыстырлысып жатауына байланысты арыз шағын көп түсуде;
Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемкорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу,адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру,ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуді;
Жастардың тұрақты жұмысыда орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге;
Жастарға жол ашамыз!Жастар-ел болашағы!Біз халқымыздың бай рухани адами құндылықтарын өскелен ұрпаққа табыстауымыз керек!Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы!
Сол себепті Жастар саясатының қауқарлы жүзеге асыруға;
Еліміздегі саяси тұрақтылықтың ұлтаралық және дінаралық келісімнің нығаюына.
Еңбек саласында:
Зачаган тұрғындарын еңбекпен қамтудың негізгі бір діңгегі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздықты жоюға атсалысып, кәсіпкерлікті дамытуға;
Халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға;
Зачаган кентіне мемлекеттен бөлінген бюджет бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыру жолында қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен бірігіп ақылдасып бекітемін, және үш айда бір халыққа зейнеткерлікке шыққан ардагер ақсақалдардың басын қосып, мұң мұқтаждарын тындап, Зачаган кентінде атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде ашық айтып, есеп беріп тұрамын. Зачаган кентінде орналасқан коммуналдық мекемелердің халыққа үздіксіз қызмет етуін бақылап уақытында сапалы атқарылуына ықпал етемін. Меловые горки тұрғындарының сұрауы бойынша, ауыз су құбырын жанадан ауыстыру керек, себебі қазіргі ауыз су қоры совет үкіметі кезінде салынған, шіріп жатыр.
Зашаған кентінде тұрғындардың сұрауы бойынша бұралқы иттермен күресу, яғни саның азайту жұмыстарымен айналысамын.
Төтенше жағдайлармен күресу, көктемгі су тасқынымен күресі, өрт су тілсіз жау деген қысқы кезде жеке үй турғындарының газдан улануымен күресемін.
Білім саласы:
Зачаган кентінде орналасқан мектептермен тығыз қарым-қатынаста болып, оқушылардың сабаққа үлгерімі, тәртіптері жөнінде және жазғы демалыстарда бос уақыттарын тиімді пайдалануын басты назарыма аламын.
Медицина саласы бойынша “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дегендей, Зачаган кентінде орналасқан емханалармен күнделікті байланыста болып, есепте тұрған науқастардың сауығып кетуіне жұмыстардың сапалы атқарылуын назарыма аламын. Және Зашаған кентінің тұрғындарының, емхана қызметкерлерінің сұрауы бойынша Зашаған кентінің емханасында жеті мынға жуық адамдар тіркелген. Бұл қазіргі ғимаратқа өте тар, ыңғайсыз, басқа қазіргі заманға сай үлкен ғимарат салынса және автокөлік техникаларын жанарту жұмыстары мен атсалысамын.
Спорт саласында:
Спорт саласы бойыншада түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, тұрғындардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына ықпал етемін.
Мәдениет саласы:
Мейрамдарда түрлі мәдени-шаралардың халықтың көңілінен шығуына атсалысамын. Ең басты мәселе халықтың өмір сүру сапасын жақсарту соған байланысты күні-түні аянбай маңдай тер төгіп, адал қызмет етемін. Күнделікті қаланың көң қоқыс төгетін алаңы қалаға тым жақын орналасқасын жел сол жақтан болғанда Зачаган кентінің тұрғындарын жаман сасық иіс шығып қолқаны бітеп мазалауда, соған байланысты өзім эколог мамандығы болғандықтан “Тазалық денсаулықтың кепілі” дегендей осы жұмыспен нақты айналысамын.
Қаламыздың ертені қандай болатыны сіз бен бізге байланысты. Сондықтан сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын. Сіздің дауысыңыз — қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, гүлденуі және де қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесіңіз!
Сайлауға келіңіз! Өз таңдауынызды жасаңыз!
Сарсенов А.У. үміткер мемлекет қаражатынан төленді