Жайықтың Жансаясы жүлделі орыннан көрінді

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында өткен халықаралық айтыста айтыскер ақын Жансая Мусина жүлделі екінші орынға ие болды деп хабарлайды «PULS» ақпараттық порталы ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Үш күнге созылған «Тұғыры биік Тарбағатай» атты айтыс халықаралық спорт және өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған.

«Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық жыр додасы елге белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеевтің демеушілігімен төртінші рет өткізіліп отыр.

Айтыстың бас жүлдесін (2 млн теңге)  Ерлан Аманқожаұлы иеленсе,   тараздық ақын Қанат Мырзахан  – бірінші (1 млн теңге),  Ақ Жайықтың ақын қызы Жансая Мусина – екінші (700 мың теңге), алматылық Рүстем Қайыртайұлы үшінші (500 мың теңге) орынға ие болған. Сөз сайысының арнайы стипендиясын (2,4 млн теңге) биыл Аспанбек Шұғатаев жеңіп алған.

Жерлесіміз Жансая Мусинаның айтуынша, жыр додасы жоғары деңгейде өткен. Жайықтың ақын қызын кезекті жеңісімен  құттықтаймыз!

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *