Медресе шәкірттері емтихан тапсырды

Биыл «Орал» медресесін 12 түлек тәмамдап жатыр. Олар өткен аптада үш жыл бойына ұстаздарынан алған білімдерін таразылап, емтихан тапсырды деп хабарлайды Орал медресесінің баспасөз қызметі.

Үш пәннен, атап айтқанда, араб тілі, Құран және фиқһ сабақтарынан қойылған сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап берді.

Емтихан комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің  меңгерушісі Марат Жаппасбаев, Ақтөбе  медресе колледжі директорының орынбасары Жексенбай Торбаев, Орал медресесінің  директоры Еркебұлан Қарақұлов, Ринад Акимов болды. Олар шәкірттердің әр берген жауабын мұқият тыңдап, тиісті бағасын берді.

Медресе түлектері аудан, ауыл мешіттеріне діни қызметке тартылады деп жоспарлануда. Ал екі шәкірт білімін одан әрі жетілдіру үшін «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға жолдануда.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *