Гимнаст қыздар жарады!

Биылғы 22 — 28 сәуір күндері Алматыда өткен спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Жарысқа тоғыз командадан елуден астам спортшы қатысты. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысының командасы, №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері екінші разряд бағдарламасы бойынша Иликеева Виктория алтын медальға, Молдағалиева Арина күміс жүлдеге және Утеляева Алина қолаға ие болды.

Жүлдегерлердің жаттықтырушылары — И.Крепица және А.Мусабекова.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *