Күдіктілер 30 минутта қолға түсті

Жарты сағат ішінде екі бірдей заңға қайшы оқиғаның ізін суытпайашқан қос тәртіп сақшысын Орал қалалық полиция басқармасының басшылығы ынталандыруға ұсынды.

Сәуірдің 18-і күні күндізгі сағат 10.00 шамасында Орал қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары — полиция капитаны Берік Қайырғалиев пен полиция лейтенанты Асылан Нықбаев «Орталық базар» ауданында жабайы саудамен айналысушылардың жолын кесу мақсатында қала әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп кезекті рейдте жүрген еді. Кенет «102» нөміріне хабарласқан бейтаныс азаматтың көмек сұраған дауысы рация арқылы бірнеше полиция қызметкерлеріне жолданып жатты. Хабарлама мен бағдарды  дереу  қабылдаған аталған екі тәртіп сақшысы хаттамаларын лезде толтырып, адам тонау фактісі  неде болса, базар аумағында орын алды деп топшылайды. Мұқият тыңдаса, расында да өздері рейдте жүрген аумақта орын алған.

«Полиция формасын киген екеуімізге бейтаныс жас жігіт жақындап келіп, тоналғанын айтты. Жасұлан есімді жігіт өзін соққыға жығып, ұрған ер адам қолынан ұялы телефонын күштеп тартып алғанын, көз ілеспей қашып кеткенін  баяндады. Жәбірленуші Ә.Молдағұлова көшесінің бойында орналасқан «Еще парочка» атты кафеге қарай  белгісіз тұлғаның бұрылғанын, оны бет-әлпетінен танитынын айтып, жалбарына көмек сұраған. Екі қызметкер күдіктінің соңына түскен. Көп кешікпей тапа-тал түсте адам тонаған  тұлғаны оқиға орнына келген  Абай полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына тапсырады. 1988 жылы туған, жұмыссыз Теректі ауданына қарасты ауыл тұрғыныкісі тонағанын толықтай мойындады. Ал қымбат ұялы телефонынан айырылып, таяқ жеген азамат полиция қызметкерлеріне ризашылығын айтып, қызметтеріне табыс тілеген», — дейді полиция лейтенанты Асылан Нықбаев.

Бұдан соң жарты сағат өткенде рацияға тағы бір дабыл түсіп, адам тонау оқиғасы туралы баяндалады. Бұл азамат та  құнды ұялы телефонының тоналғанын айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Ол күдіктінің Кердері көшесімен жүріп, №75 үйге қарай жақындағанын айтады. Күдіктінің соңынан ілескен учаскелік полиция инспекторлары Асылан мен Берік қай үйге, қандай пәтерге кіргенін бақылайды. Осылайша сақшылардың құрығынан құтыла алмаған екінші күдікті де заңға қайшы әрекетін бірден мойындайды.1982 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтынжігіт кісі тонағанын, оқиға желісін өзі айтып берді.

Бүгінгі күні Абай полиция бөлімі кісі тонау фактілеріне қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Орал қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Берік Қайырғалиев №16 учаскелік полиция бекетінде, полиция лейтенанты Асылан Нықбаев №18 учаскелік полиция бекетіндеқызмет көрсетеді. Жарты сағат ішінде екі кісі тонау оқиғасының ізін суытпай      ашқан қос тәртіп сақшысын басқарма басшылығы ынталандыруға ұсынды.

Гүламан Исмағұлова,
Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметкері

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *