Оқушыларға арналған ашық есік күні өткізілді

            Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде  «Жас бүркіт» әскери патриоттық клуб тәрбиеленушелірімен патриоттық-рухты арттыру мақсатында  арнайы кездесу өткізілді. Кездесу барысында, әскери бөлімге келген мектеп оқушылары, әскери өмірдің қыр сырымен танысып, тағылымды білім алды.

Аталмыш іс-шара барысында, әскери бөлім қызметкерлері жас патриоттарға алғашқы көмек көрсету, арнайы құралдарды қолдану және де арнайы даярлық сабақтарын өткізіп, көптеген ақпараттар берілді. Ал кездесу соныңда мектеп оқушылары «Қазбат» көркем фильмін тамашалады.

ҚР ҰҰ  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *