Елімізде әрбір мамандық иелерінің өздерінің кәсіби мерекесі бар. Ал бүгін 21 мамыр елімізде мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтуде. Осы орайда Орал қаласындағы Алтын орда мәдениет үйінде мерекелік концерт өткізілді. Аталмыш концерт барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының басшысы полковник Құлбаев Жандос Жамалұлы мәдениет саласының қызметкерлеріне өзінің ыстық ықыласын білдірді.
- Сіздерді бүгін келіп жеткен 21-мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күні мен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандардың яғни сіздердің мерекелеріңіз. Осы киелі жолда жүріп өңірді ел-жұртқа танытып, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта берулеріңізге тілектеспін- деді.
Сөз сонында полковник Құлбаев Жандос Жамалұлы, Жастар мәдениет үйінің директоры Медет Рысқалиұлына «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Қазкеев Бекайдар Маратұлының атынан арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды табыстады.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі