«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Батыс Қазақстан облысында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Облыстық сайлауалды штаб өкілдері Мұрат Мұқаев пен Әлима Дүйсмағамбетова теміржол саласының қызметкерлерімен кездесіп, өңірдің алдағы бес жылдағы даму басымдықтарын талқылады.


Әкімшілік ғимараттың мәжіліс залында өткен кездесуде спикерлер «Әділетті болашақ үшін!» атты 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.
Мұрат Мұқаев өңір экономикасын дамытуда көлік-логистика саласының маңызына тоқталып, Орал қаласында «Еуразия» логистикалық хабын іске қосу, 19 700 субсидияланатын жұмыс орнын құру, шамамен 1 000 шақырым жолды жөндеу және 3,97 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлары туралы айтты.
Ал Әлима Дүйсмағамбетова әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған міндеттерді таныстырды. Атап айтқанда, Орал қаласында 550 орындық көпбейінді аурухана мен перинаталдық орталық салу, мектептерде 10 мыңға жуық, балабақшаларда 7 400 жаңа орын ашу, көпбалалы отбасыларды қолдау және жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне назар аударды.


Кездесу барысында теміржолшылар да өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, қызметкерлер балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, сауықтыру лагерьлеріне жолдама алу және санаторийлердің қызметін пайдалану мүмкіндіктеріне қатысты ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе, демалыс орындарының қолжетімділігі мен жол шығындарын ескеру мәселесі сөз болды.
Штаб өкілдері айтылған ұсыныстарды назарға алып, көтерілген мәселелерді тиісті тәртіппен тіркеуге алатынын жеткізді. Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық буклеттегі QR-код арқылы өз сауалдары мен өтініштерін жолдау мүмкіндігі түсіндірілді. Бұл тұрғындармен кері байланыс орнатудың қосымша тетігі ретінде ұсынылды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *