Оралдық ұландықтар Ұлы отан соғысының ардагерін жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан  5517 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Скаленконы жеңіс күнімен құттықтады. Сондай-ақ, әскери бөлім  атынан ардагерге естелік сыйлықтар мен алғыс хат табыс етілді.

Құттықтау барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік- құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы полковник Кульбаев Жандос Жамалұлы ардагерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі, сондай-ақ соғыс жылдарында көрсеткен табандылығы мен батылдығы үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Вениамин Скаленко өзінің майдандағы естеліктерімен бөлісіп, өзінің жауынгерлік жолы туралы айтып, соғыс жылдарында қатар соғысқан жолдастарын еске алды. Құттықтау соңында 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрі «Жеңіс күні» музыкалық композициясын, сондай-ақ соғыс кезіндегі басқа әндерді орындады.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *