Орал қаласы Деркөл кенті әкіміне ҮМІТКЕРІ: Нұғманов Төрехан Мәдениетұлы

Нұғманов Төрехан Мәдениетұлы

Өмірбаяны

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Көкой ауылында 1994 жылы 8 сәуірде дүниеге келген.
Ұлты – қазақ.
2016 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен Деркөл кенті әкіміне кандидат болып ұсынылды.

Сайлауалды бағдарламасы:
Құрметті сайлаушылар! Менің сайлауалды бағдарламам Деркөл кентінің тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселелерді қамтиды:
Ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жандандыру.
Ауылда кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, шағын және орта бизнесті дамыту;
Зейнеткерлер мен ардагерлерге қажетті әлеуметтік көмек көрсету;
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастрыуға жәрдемдесу және оқыту. Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу.
Кент аумағында көшелерді асфальттау.
Кент аумагында цифрландыру жумыстарын дамыту.
Салауатты өмір салтын, рухани дамуды, шығармашылық пен мәдени мұраны насихаттау.

Оплачено из средств областного бюджета

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *