Елімізде санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамыту мен нығайту мақсатында өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне 132 автокөлік бөлінді, оның 6-ауы Батыс Қазақстан облысына жеткізілді.
Автокөліктер Орал қалалық және Бәйтерек, Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандық басқармаларына бөлініп берілді. Департамент басшысы М.Арыспаев автокөлік кілттерін басқарма басшыларына салтанатты түрде табыс етті.
Жаңа көліктер облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруда және инфекциялық аурулардың ошақтарына шығу, сынама алу, аса қауіпті инфекцияларға мониторинг жүргізу секілді мәселелерде жақсы қолдау болады.