Жақсылық жасау — мемлекеттік маңыз

Жақсылық жасау, жығылғанға сүйеу, жылағанға тіреу болу – кез келген адамның қолынан келетін іс. Тіпті бұл қазақ халқының өмір заңдылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сіңіп кеткен. Мұны біз алыстан сұлбасы көрінген қарияның жүгін көтеруге асығатын баладан немесе жасы кішіге ізет білдіріп, үлкенге құрмет көрсетіп жүрген ­жастардан аңғара аламыз.

Қазіргі таңда жақсылық жасаудың осынау үлгісі мемлекеттік маңызға ие болып, оған үлкен мән берілуде. Сәйкесінше қоғамда еріктілердің беделі де биіктей бастады.

Бүгінгі таңда “Орал жастары” волонтерлік корпусы батыстық дүйім жұртқа етене таныс. 100- ден астам ерікті жастардан құралған ұйым қарияларға, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып келеді. Қоғамдық істің бел ортасында жүретін жастар елдің ықыласына бөленіп келеді.

«Орал жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісі

Аманат Бектұрсынов

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *