ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР АКСЕЛЕРАТОРЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойыншаӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР АКСЕЛЕРАТОРЫНА БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Батыс Қазақстан облысы

2021 жыл

  1. Байқаудың жалпы ережелері
  1. Осы Ереже «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысы әлеуметтік жобалардың Акселераторындағы байқауға қатысу тәртібін анықтайды (бұдан әрі — Байқау) және «Кемел болашақ» орталығын құру және қызметін қамтамасыз ету» бұдан әрі – Акселератор) жобасы шеңберінде өтінімдерді іріктеуді анықтайды.
  2.   Байқаудың ұйымдастырушысы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады. Байқау «Рухани жаңғыру» «Қазақстандық қоғамдық даму институты» (бұдан әрі – ҚҚДИ) және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – АҚДМ) қолдауымен жүзеге асырылады.
  3.   Байқауды өткізу үшін ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлерінен жауапты адамды тағайындайды және осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген бағыттарға жетекшілік ететін облыстық басқармалардың өкілдерінен, ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен азаматтық қоғамдастық ұйымдарының өкілдерінен (келісім бойынша) сараптамалық топ құрылады.
  4.   Ұйымдастырушы комитет  Батыс Қазақстан облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі болып табылады.  
  5.   Байқауға іріктеуден өткен жобалар:
  6. жобаны ақпараттық қолдау;
  7. жобаны масштабтау үшін құжаттар пакетін әзірлеу процесінде білім беру қолдауын (дамудың әртүрлі кезеңдерінде)
  8.  сарапшылардан кеңес алу және Акселерациядан өткен және «Рухани Жаңғыру» бренд-амбассадорлары мәртебесіне ие жобалардың серіктестік қоғамдастығына кіру мүмкіндігі;
  9. әріптестік байланыстарды құру, әлеуетті донорларды, инвесторларды іздеу, республикалық және өңірлік билік органдары арасында байланыстар орнату және жобаның мүдделерін ілгерілету кезінде қолдау көрсету болып табылады;
  10. жобаны өңір ішінде және республикалық деңгейде ілгерілету кезінде имидждік қолдау көрсету;
  11. үздік жобалар жинағына кіру және «Рухани жаңғыру» бренд-амбассадорлары мәртебесін алуға үміткер болу мүмкіндігі.
  12.    Жобаларды акселерациялау бағдарламасы мыналарды қамтиды:
  13. жобаның жетілуін диагностикалау және акселерацияның күтілетін нәтижелерін анықтау;
  14. орнату сессиясынан және оқыту модульдерінің сериясынан өту;
  15.  республикалық акселератор сарапшыларынан және 2020 жылы акселерациядан өткен, оның ішінде «Рухани Жаңғыру» бренд-амбассадорлары мәртебесіне ие жобалардан кеңестер және кері байланыс алу мүмкіндігімен әріптестік қоғамдастыққа қосу;
  16. тұжырымдамаларды, іске асыру жоспарларын, жобалардың бизнес-модельдерін әзірлеуге, оқыту модульдері мен әдістемелік материалдарды әзірлеуге жәрдемдесу;
  17.  ресурстарды тартуға және қаржыландыруға, зәкірлік ұйымдарды қосуға, әріптестермен шарттар жасасуға жәрдемдесу, жобаны масштабтау және өзін-өзі өтеу үшін жағдайлар жасау;
  18. жобаларды масштабтау туралы республикалық және өңірлік деңгейлерде әлеуетті әріптестермен келіссөздерге жәрдемдесу болып табылады;
  19.  жобаны әлеуетті тапсырыс берушілер, инвесторлар, жоба серіктестері арасында өткізілетін өңірлік деңгейдегі «Рухани жаңғыру» әлеуметтік жобаларының акселераторы» үздік жобалар жинағына енгізу үшін материалдар дайындау;
  20.  акселерация қорытындысы бойынша республикалық әлеуметтік жобалар Жәрмеңкесіне қатысу.
  1. Байқауға қатысу тәртібі

          7.  2021 жылғы 10-30 қыркүйек аралығында өтетін байқауға қатысуға келесі бағыттар бойынша жобалық топтар шақырылады:

  1. инклюзивті қоғамды дамыту (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау);
  2. бейресми білім беру шеңберінде өзекті құзыреттерді дамыту (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, цифрлық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеру);  
  3. ауылшаруашылық, өңірлік, білім туризмін дамыту;
  4.  мәдениет, өнер және халық шығармашылығы және спорт саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамыту;
  5.  халықтың экологиялық мәдениетін дамыту;
  6.  аумақты (ауылды, ауданды, қаланы) дамыту, қалалық ортаны дамыту, урбандалу саласының жобаларын қолдау.
  7. Байқауға  ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлер, бастамашыл топтар, ғылыми жұртшылық, өнер және мәдениет қайраткерлері, шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.       
  8.        Байқауға қатысу үшін 2021 жылғы 30 қыркүйек сағат 17.00-ге дейін сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет ____________________________  1-Қосымшаға сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілінде өтінім беру қажет.
  9.      Өтінімдер төмендегі критерийлер бойынша іріктеледі:

1) мақсатты аудитория үшін жобаның маңызды нәтижелерінің болуы, әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу;

2) белгілі бір салада және халықтың нақты топтары арасында «Рухани Жаңғыру» қағидаларын іс жүзінде іске асыру үшін жобаның әлеуеті;

3) жобаның масштабтауға дайындық дәрежесі;

 4) жоба идеясы немесе жоба пилоттық режимде іске асырудың ерте сатысында байқауға ұсынылған жағдайда, таңдалған салада жобаларды іске асырудағы жобалау командасына қатысушылардың өткен тәжірибесі ескеріледі;

5) жоба командасының барлық кезеңдерде акселерация бағдарламасына қатысуға және жоба моделін жетілдіру, жобаны масштабтауға ресурстар тарту үшін іскерлік байланыстар орнату бойынша жұмыс істеуге әзірлігі.

III. Акселераторға қатысуға өтінімдерді іріктеу тәртібі

          11. Өтінімдерді алдын ала іріктеуді ұйымдастыру комитеті сараптама тобының мүшелерімен бірлесіп, олардың түсуіне және жоба көшбасшыларымен сұхбат жүргізуге қарай жүзеге асырады. Сұхбат барысында Ереженің 10-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкестігі анықталады.

          12. Қатысушылар ұйымдастыру комитетімен сұхбаттан кейін,  сұхбат өткізілген күннен кейін 3 күннен кешіктірмей байқауға ұсынылған құжаттар пакетін жаңартуға және/немесе толықтыруға мүмкіндігі бар. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық емес ақпарат ұсынған және/немесе сұхбаттан өтпеген өтініш берушілер Акселераторға қатысуға жіберілмейді.

         13. Алдын ала іріктеу қорытындылары бойынша көрсетілген критерийлер негізінде ұйымдастыру комитеті акселерация бағдарламасына жіберілген жобалардың тізімін қалыптастырады.

         14. Акселерация міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда ұйымдастыру комитеті жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жобалар Акселераторынан шығаруға құқылы.

          15. Байқау туралы қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:  8 (7112) 93 35 49, 8 (705) 592 66 15.

Қосымша 1

Жоба сауалнамасы

Атауы Ақпарат
1 Өтінім берушінің аты -жөні  
2 Өтінім берушінің телефоны  
3 Өтінім берушінің электрондық адресі  
4 Ұйымның атауы (бар болса Жоба командасының  тәжірибесінің сипаттамасы  
5 Жоба атауы  
6 Жобаның бағыты (басқа түспен белгілеңіз )  инклюзивті қоғамды дамыту бейресми білім беру шеңберінде өзекті құзыреттерді дамытуауыл шаруашылығы, өлкетану, білім туризмін дамыту мәдениет, өнер және халық шығармашылығы, спорт саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамытухалықтың экологиялық мәдениетін дамыту; аумақты (ауылды, ауданды, қаланы) дамыту, қалалық ортаны дамыту, урбандалу саласының жобаларын қолдау  
  Жобаның мақсаттары мен міндеттері    
8 Қысқаша сипаттама: жоба идеясы, іске асыру ұзақтығы, нәтижелер  
9 Жобаның өзектілігі    
10 Мақсатты аудитория    
11 Сіздің жобаңыз Рухани жаңғырудың қандай қағидаларын іске асыруға ықпал ете алатынын көрсетіңіз  Бәсекеге қабілеттілік ПрагматизмҰлттық бірегейлікті сақтау Білімнің салтанат құруыҚазақстанның эволюциялық дамуыСананың ашықтығы Сіздің жобаңызда мақсатты аудитория үшін таңдалған қағидалар қалай жүзеге асатындығын сипаттаңыз?  
12 Команданың негізгі қатысушылары: жобадағы рөлі, жұмыс тәжірибесі  
13 Қаржыландыру көздері, бизнес-модельдің болуы, жобаның тұрақтылығы    
14 Жобаны іске асыру кезеңі (басқа түспен бөлектеңіз) Идеясы Пилоттық режим Тұрақты іске асыру Масштабтауға дайын (әдістемелік құжаттар пакеті) Масштабтау (аймақтардағы өкілдіктер)  
15 Еріктілердің жоба қызметіне қатысуы (басқа түспен бөлектеңіз)   Қатыспайды Кейде қатысады Үнемі қатысады
16 Жоба серіктестері, олардың қатысу дәрежесі    
  Күтілетін әлеуметтік нәтиже  
18 Жобаны жүзеге асыруда қандай шешуі қиын мәселелерге тап боласыз?  

 
19 Акселератордан қандай қолдау күтесіз?  
20 Жобаны дамыту перспективалары (3 жылға дейін)  
21 Сайтқа, әлеуметтік желілерге және т. б. сілтемелер (болған жағдайда)  
22 Қосымша ақпарат    

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *