Қарияларға көмек көрсетілді


Қариялар күніне орай ҚМДБ-на қарасты Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің ұйымдастыруымен мешіттің наиб имамдары Махамбет Мұқанғалиев пен Ерлан Кенжин қарияларға рухани және материалдық көмек көрсетті.


Қайырымдылық іс-шарасы аясында имамдар қарттардың тыныс-тіршілігімен танысып, азық-түлікпен көмек көрсетті. Қариялар Амантай Менденов пен Наурызбай аталарымыз Дінбасымыз бен мешіт қызметкерлеріне алғыстарын айтып, батасын берді.
Осындай игі шаралар жыл сайынғы дәстүр екендігін айта кеткеніміз жөн.

Тәжіден Батырұлы атындағы
Орал қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *