Оралда 5517 әскери бөлімінің базасында Атырау, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе және Орал қалаларынан ат терлетіп келген «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері бөлімшелерінің старшиналарымен екі күндік оқу — әдістемелік жиын өтті. Айтулы іс-шараға «Батыс»өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері бөлімшелерінің 20-дан астам старшинасы қатысты.
Жиын практикалық дағдылар деңгейін арттыруға және басшы құжаттардың талаптарын зерделей отырып кәсіптік даярлауға, рота шаруашылығын жүргізу, заттай мүлікпен қамтамасыз ету, әскери техниканы сақтау тәртібі және жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша теориялық сабақтар өткізуге бағытталған.
Сондай-ақ,киім-кешек, азық-түлік қызметтерінің, қару-жарақ қызметінің бастықтары өткізетін сабақтарда «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасарының жалпы басшылығымен жеке құрамға киім-кешек және азық-түлік мүлкін беру тәртібі, әскери қызметшілердің тұрмысын ұйымдастыру, орындарда тәртіпті дайындау және ұстау мәселелері қаралды.
«Батыс» өңірліқ қолбасшылығының қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Асхат Есімбеков өзінің алғы сөзінде: «Бөлімше старшинасы — сарбазға ең жақын командир. Рота әскери қызметшілерінің тұрмыс жағдайлары бөлімше старшинасының жұмысына тікелей байланысты»-дейді.
Жиын барысында старшиналар рота шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу, үй-жайларды жабдықтау және күтіп-ұстау, көтеру, таңертеңгі тексеру және кешкі тексеру тәртібі бойынша өз білімдері мен дағдыларын нығайтты, сондай-ақ жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыру, азық-түлік және заттай мүлікпен қамтамасыз ету, оларды сақтау, парктік-шаруашылық күнін өткізу және әскерлер қызметін ұйымдастыру мәселелерінде тәжірибе алмасты.
Старшиналармен сабақты «Батыс»өңірлік қолбасшылығының тыл басқармасының тәжірибелі офицерлері өткізді.
-Осындай іс-шаралардың арқасында біз қызметке қажетті құнды ақпаратты аламыз, өзіміздің функционалдық міндеттерімізді орындауда білім деңгейімізді арттырдық, сондай-ақ бізді толғандырған барлық сұрақтарға жауап алдық және өзіміздің практикалық тәжірибемізбен алмастық, бұл бізге алдағы қызметте міндетті түрде көмектеседі»,-деп атап өтті жиынға қатысушы 5517 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальоны 2-ротасының старшинасы, 2-сыныпты сержант Берік Құрмантаев.
-Біз старшиналармен рота шаруашылығын жүргізуден бастап мерзімді қызметтің әрбір әскери қызметшісін материалдық құралдармен қамтамасыз етуге дейінгі мәселелердің барлық спектрін пысықтадық.Рота старшиналарына бөлімшелерде қандай есептік құжаттарды жүргізу қажеттігін, мысалы, күн тәртібінің элементтерін орындауды қамтамасыз етуді көрнекі көрсетті, — деп хабарлады тыл басқармасының бастығы подполковник Эдвард Бейсенгулов.
Жиынның соңғы күні қатысушылар лауазымдық міндеттерін білуі және дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар, сондай-ақ тылдық қамтамасыз ету бойынша басшы құжаттарды білуіне тестілеу тапсырды.Әскери қызметкерлер үшін қала бойынша экскурсиялар, сондай-ақ мұражайларға бару ұйымдастырылды.
Жиындарды қорытындылай келе, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Асхат Есімбеков өткізілген жиындардың нәтижелері бойынша ерекше көзге түскен старшиналарды марапаттады.
Подполковник Ерболат Сұлтанов, Орал.