»Birgemiz: Úmit» жалпыұлттық жобасы аясында еріктілер үшін 15 млн.теңге сомасына 30 шағын грант бөлінді


Шағын гранттар «Birgemiz: Úmit» жалпыұлттық жобасы шеңберінде жоғалған адамдарды іздеу, апат тәуекелдерін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жобаларға еріктілерді тарту бойынша нақты міндеттерді шешуде азаматтардың жеке күш-жігерін және волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған.

Байқау шеңберінде 30 жеңімпаз анықталып, өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асыруға 500 000 теңге мөлшерінде шағын гранттар алады.

Волонтерлік бастамаларды қолдауға шағын гранттар келесі бағыттар бойынша берілетін болады; ТЖ саласындағы жобалар, адамдарды іздеу бойынша жобалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апат тәуекелдерін төмендету бойынша жобалар және т.б. бағыттар.

Байқауға қатысуға жеке тұлғалардың, бастамашыл топтардың және үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдері қабылданады.

«Birgemiz: Úmit» жалпыұлттық жобасының шағын гранттар байқауы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Байқау туралы толығырақ Ережедe: https://docs.google.com/…/1u1yUYIn…/edit…

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *