АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІН ТҮЛЕТТІ

2017 жылдың 19 маусымында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының №523 бұйрығымен «Дарын» қосымша білім орталығының жанынан облыс оқушыларының зияткерлік қабілеттерін анықтау, оны дамыту мақсатында математика және физика пәні бойынша Олимпиада резерві мектебі ашылып, оған 40 оқушы қабылданған болатын.

Мектепте оқумен бірге жүргізілген қорытынды бақылаулар, олимпиадалар нәтижесінде оқушылар іріктеліп, бүгінде 22 оқушы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығының базасында Облыстық олимпиада резерві бітіргендігі туралы сертификаттарын қолдарына алды. 4 жыл ішінде әртүрлі облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары,жүлдегерлері, қатысушылары атанған оқушылар және осы оқушыларды сессия, сессияаралық кезеңдерде білім нәрімен сусындатқан ұстаздар білім басқармасының алғыс хат, дипломдарымен марапатталды.

Салтанатты жиынның соңында Олимпиада резерві мектебінің оқушылары «Жайық дарыны» атты тақтаға өз есімдерін қалдырып, раушан гүлдерін отырғызды.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *