Ардагерлер мен жас қызметкерлер арасындағы тағылымды кездесу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады. Ел тарихынджағы жетістіктер мен қол жеткізген жоғары көрсеткіштер сол кезеңдегі еңбекқор, көрнекі тұлғалардың еңбегі екені даусыз. Олар ел экономикасының көтерілуіне сүбелі үлестерін қосты.

Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері-әр түрлі саладағы кәсіби мамандар мен көшбасшылардың еңбегі. Олар әркез құрметке ие. Өз ісінің білікті әрі білгір мамандары.

Осы ретте 2021 жылғы 10 маусымда  Орал қ.ПБ кадр саясаты бөлімінің, Абай Пб басшыларының және Орал қ.ПБ ішкі істер органы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Абай полиция бөлімінде тәуелсіздік жылдарында өлшеусіз қызмет еткен тұлғалармен, ардагерлермен  кездесу өтті.

Санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып,  ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тарландары» атты бұл күнгі кездесуге Орал қ.ПБ ардагерлер кеңесінің төрайымы милиция майоры Клавдия  Саматқызы Қуанышқалиева, ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері милиция аға сержанты Ұзақбай Тілекқабылұлы  Жақсылықов, милиция майоры Жексен Мажитұлы Қойбағаров, милиция майоры Гүлжан Бақытжанқызы  Атаниязова, Нұрлан  Ажимадинұлы Сәрсенғалиев, Абай полиция бөлімінің полиция қызметкерлері мен полицияға қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар қатысты.

Кездесуде алғаш сөз алған Клавдия Саматқызы ардагерлер мен жас қызметкерлер арасындағы ынтымақты байланыс нәтижесінде бүгінгі күнге дейін атқарылған іс-шаралар, ардагер буынның жас қызметкерлерді патриоттық рухта және шыдамдылық пен сабырға тәрбиелеу мақсатында атқаратын рөлі туралы кеңінен баяндады.

Кездесуге келген ардагер аға-апалардың қай-қайсысы да ақылдың тұнған кені, бөлісер ойы көп жандар. Олардан жас буынның үйренері көп-ақ.  Өз кезегінде сөз алған ардагер Жексен Мажитұлын көпшілігі спортшы ардагер деп таниды.  


Орал қалалық ішкі істер басқармасы ардагерлер кеңесіндегі белсенді ардагерлердің бірі-Қойбағаров Жексен Мажитұлы. Жексен Мажитұлы бұл күнде үрім-бұтақтарының ортасында ардақты ата атанып отырған бақытты жан. Бала-шағалары атасының еңбекқорлығымен және спортты жақсы көретін шынайы қасиеттерімен мақтанып айтып жүреді. Басқармадағы жас қызметкерлерге самбо ережелерін үйретіп, спортшылардың кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына сүбелі үлесін қосуда.

Жексен Қойбағаровтың ішкі істер органындағы алғашқы еңбек жолы 1975 жылдың мамырында бастау алған. Алғашында қалалық ішкі істер бөлімі жанындағы ветеринар қызметіне қабылданады. 1978 жылы қуылып, айдалып кеткен автокөліктерді іздестіру бөліміне ауысытырылады. Әр тапсырманы мінсіз орындайтын милиция қызметкері 1979 жылы арнайы қабылдау орнына инспектор лауазымына тағайындалады. 1986 жылдың мамырынан 1995 жылдың мамырына дейін учаскелік полиция инспекторы лауазымын да жемісті еңбек еткен.  Қайратты жанына серік қып байлаған Жексен ағамыз әңгімелесу кезінде учаскелік полиция инспекторы лауазымын атқару барысында «Селекционный» ауылындағы атыс болған мекен-жайға барып, араққа сылқия тойған азаматқа тойтарыс бергендерін айтып берді.

Милиция майоры Жексен Мажитұлы 1995 жылдың мамыр айында, ішкі істер органында 25 жыл қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты.  

Бүгінде жұбайы Рая Демесінқызымен немере-жиен сүйіп, немерелерінің спортшы атасы атанып отырған айрандай ұйыған шаңырақтың мәуелі бәйтерегі. Жастардың спорттағы тәлімгері, кеңестің алдыңғы қатарлы ардагері атанып жүрген Жексен ағаның есепсіз еңбек еткен жолдары жас буынға үлгі болсын. Жексен Мажитұлы өз сөзінде  жастарды бірлікке, ауызбіршілік пен татулыққа шақырды. Қиын қызметтеріне табыс пен амандық тіледі.

    Уақыт неткен жылдам десеңізші. Ардагер аға-апалардың ел игілігі жолындағы еңбегі ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Аға буын өкілдері жастарға  әр уақыт сақ болуды өсиет етті. Аса жауапкершілікті талап ететін  ауыр қызметті атқарған апамыз Клавдия Саматқызы бұл күнде құрметті еңбек демалысында. Біз, әрине, апамыздың өнегелі өмір жолын, татаусыз қызмет атқарған белестерін бүгінгі ұрпаққа, жастарға үлгі тұтамыз.

Ішкі істер органында аттай 23 жыл 8 ай мінсіз қызмет атқарып құрметті демалысқа шыққан, милиция майоры Қуанышқалиева Клавдия Саматқызы еңбекқор, әркез басқармада ұйымдастырылған мәдени көпшілік іс-шараларға басшылық жасап жүреді. Бастамашыл, жастарға айтар ақылын аяп қалған емес.

Ардагер К.Қуанышқаливаның ішкі істер саласындағы алғашқы еңбек жолы 1978 жылы басталған. Ол кезде ардагер апамыз 21 жаста ғана еді. Сол уақыттағы мемлекеттік автоинспекция басқармасына анықтаушы лауазымына бұйрықпен тағайындалған жас қызметкер жұмысына білек сыбана кіріскен-ді

Клара Саматқызының бір ерекшелігі сегіз жасынан көлік руліне отырып, көлік жүргізген жан. «ЗИЛ», «КАМАЗ» сынды ауыр жүк көліктерін, көп сыйымдылықты автобустарды емін-еркін жүргізеді. Көлік жүргізу қасиеті әкесінен дарыған. Үстінен нысанды формасы шешілмеген, ауызынан ақыл-кеңесі түспеген К.Қуанышқалиева бұл күнде қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы. Клара апамыз өмірге құштар, белсенді, өте еңбекқор адам. Ардагерлер кеңесінің жұмысын жандандыруды қолға алып, шапқылап жүр. Басқарма басшылығы Клавдия  Саматқызының еңбекқорлығын құрметтейді, жас буынға үлгі тұтады.  Ардагер апамыз да жас қызметкерлерді қиындықтарды жеңуге, батыл болуға үгіттеді.

    Гүлжиян Атаниязова саналы өмірін өз халқына қызмет етуге арнаған тұлға. Аттай 25 жыл ішкі істер органында табан аудармастан қызмет етті, еңбек еткен жылдар ішінде Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің   үздік тергеушісі деген зор атаққа ие болды. Күрмеуі қиын  бірнеше қылмыстық істерді зерделеп, қазіргі қызметінін де бір минут босамайтын ішкі істер органының ардагері, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі

Милицияда 25 жыл тынымсыз еңбек екен Гүлжиян Бақытжанқызы құрметті зейнет демалысына шығады. 2008 жылы адвокат болып жаңа қызметіне кіріседі. Қайратты жанына байлап, зейнет демалысына шыққаннан кейінгі уақыта да есепсіз еңбек етіп жүрген  Г.Атаниязованың бүгінгі қоғамға қосар үлесі көп-ақ.

Милицияда 22 жылға жуық қызмет сапында болған милиция аға сержанты  шенімен зейнеткерлікке шыққан Ұзақбай Жақсылықов та өз сөзінде жастар тарапынан жауапкершіліктің мол болуын талап етіп, жүктелген тапсырмаларды адал атқаруға шақырды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сақшылардың жұмыстарына сәттілік тіледі. 

«Тәуелсіздік тарландары» атты кездесу барысында Абай полиция бөлімінің жас мамандары  ардагерлерге уақытты ұтымды пайдалану, түйіні күрделі мәселелерді шешу жолдары туралы сұрақтарын қойды. Ал, ардагерлер жастардың кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына үлес қосып, іс-тәжірибе алмасуға әркез дайын  екендіктерін жеткізді.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *